Главная » 2014 » Желтоқсан » 22 » Тік дренаждың қондырғысы
11:51
Тік дренаждың қондырғысы

Тік дренаждың қондырғысы

 Мырзашөл өңірінде  біркелкі емес дымқылдану және ауа мен топырақ температурасының көктемнен жазға үдей түсу ерекшеліктері байқалып тұрады. Жауын –шашынның аз мөлшері (250-270 мм) мен жазғы жоғарғы ауа темперетурасы (12,4-14,4 градус) топырақтағы ылғалдың булануының арқасында 3,0-3,5 метр тереңдіктегі ерітінді тұздардың жоғары көтерілуіне ықпал жасайды.

Мақтарал өңірінің ашық түсті күлгін топырақтарының ерекшеліктері және топырақты –мелиоративтік тәртіптерге сай, дифференциптік баптау технологиясымен өңдеу жұмыстарын талап етеді.

Бастапқы кезде Мырзашөлге Бұқар арық және Алқа құм арықтарын, тартып жерлерін ылғалдандырылған және Достық каналы (Киров каналы) су келгеннен кейін егістік алқаптарымыз ылғалдандырылғаннен кейін жерлеріміз сорлана бастады. Сорланған жерлерімізді қалпына келтіру үшін тік дренаж қондырғылары егістік алқаптарға орнатылды. 1950 жылдар ішінде совхоздың жерлері сорлана бастап, жер тұзданып мақта өнімі алдынғы жылдардағыдан қарағанда төмен өнім бере бастады. Сол кезде Пахтаарал кеңшарының директоры В.Н.Куликов  жердің топырақтарын зерттеп, тік дренаждарды орнатуға қолға алып, 1960 жылдары бетпақ даланың жарамсыз, сорланған жерлеріне тік дренаж құрылғыларын орнатты. Бастапқы кезде Пахтаарал кеңшарына 60 дренаждар орнатылды, ол секунтына  жер астындағы 70-100 литр тұз суды шығарып тұрды. 1961жылдары жер астынан секундына 60-70 литр тұз суды шығарып тұрды.  Тік дренждар көктемнен бастап күзге шейін тынымсыз жұмыс істеп, қыста ғана жұмыс істемейтін. 1970жылдары тік дренаждардың саны 78-ге жетіп жұмыс істеген. Осы тік дренаждардың арқасында  егістік алқаптар құнарланып 1960-1970жылдары тонналап мақта өнімдері өткізілген.

Пахтаарал кеңшарының  Дзержинский бөлімшесіндегі егістік алқаптарында орнатылған тік дренажда тыл ардагері Джақұлов Жүніс жұмыс істеген. Атамыз  мұражай  залын  саяхаттап, аралап жүріп, тік дренаждың макетін көріп  осы тік дренажда 15 жылдай жұмыс істеген жайлы әңгімесін айтып өтті. Мұражай экспозиция залының ішінде тік дренаждың макеті қойылған.

Мұражай экспозициясы 1984 жылы «Рассом» бейнелеу комбинатымен жасалынған. Суретшілер:Владимиров Г. және Заздравный Г.

 Қазақстандағы мақташылық бойынша жалғыз ғылыми –зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын Мақтарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының көп жылдық зерттеу жұмыстары Мақтарал өңірінің ескі аймағын суландыру жөнінде мелиоративтік ерекшелікке айналдыру және тік дренажды скважиналарды орнықтыруды жүзеге асыруды көрсетті. Мақтарал ауданында 1990-1992жылдарға дейін 884 тік дренаж скважиналары жұмыс істеп, минералданған топырақтағы суларды 2,0-3,0 метрге дейін төмендеткен. Нәтижесінде орташа және қатты сорланған топырақтар жойылып, гектарына өнім 6-8 центнерге дейін артып отырған.

1992жылдардан бастап әртүрлі жағдайларға байланысты тік дренаж скважиналар жұмыс  істеуін тоқтата бастады (бөлшектердің тозуы, қосалқы бөлшектерінің жетіспеуі, тетіктегі май батпақтың жиналуы, электроэнергияның қымбаттауы т.б.). Сол себептердің салдарынан жерлер тұзданып және де мақтаны баптау технологиясының тәртібі бұзылуынан Мақтарал өңіріндегі мақта өнімділігі  гектарынан 28-30 центнерден, 17-19 центнерге дейін күрт төмендеп кетті.   

Дренаж жүйесі орташа және күшті сортаңданған топырақты аймақтарда жылына 10 ай бойы тынымсыз жұмыс жасаған пайдаланылудың бірінші кезеңінде біршама оңтайлы жағдайлар туындады.

Бұл кезеңде сортаңданбаған және әлсіз сортаңданбаған  жерлермен бірге орташа дәрежеде сортаңданған алқаптар аумағы да артып баруда, бұл процес жыл сайын күшеюде. Жер асты суларының табиғи ағып келуі оның шығып кетуінен жоғары болған.

Кейбір гидрогеологиялық аудандарда тік дренаж жұмысы ұзақ жалғасқанда мелиоративтік жағдайдың өзгеру жайын жер асты суларының тәртібі мен олардың минералдануы және топырақтың тамыр жайласқан қабатының сортаңдануы арқылы бақылауға болады.

Мырзашөл өңірінің суармалы аймақтарында тік дренаж жұмысын бақылау нәтижелерінен келіп шығып, төмендегі ұсыныстар жасауға болады. Оның  жәрдемінде гидрогеологиялық жағдайларға байланысты жартылай автоморфты және жартылай гидроморфты мелиоративтік тәртіпті сақтап тұру қажет. Осы мақсаттарда ұңғымалардың, келтірілген мәліметтер бойынша вегатация барысында жер асты сулары деңгейінің бірінші жағдайда 3,5м дейін және екінші жағдайда -2,7м дейін төмендеуін қамтамассыз ете алатын жұмыс ырғағын сақтау керек.

Тік дренаждар егістік алқаптарға көптеп орнатылса  жерлеріміз құнарланатын еді, әсіресе көктемде ауладағы сулар көлдемес еді.

 

 

                                                                    Экскурсия жүргізуші  Бабашова Р.М.

 

Просмотров: 805 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0