Главная » 2014 » Желтоқсан » 11 » Сталиннің қолынан сыйлыққа алынған патефон
14:31
Сталиннің қолынан сыйлыққа алынған патефон

CТАЛИННІҢ ҚОЛЫНАН СЫЙЛЫҚҚА  АЛҒАН  ПАТЕФОН    

 Біздің мұражайда өткен ғасырдың сонау отызыншы жылдарындағы патефон бар. Күйтабақ қойып, музыка тыңдайтын ескі жәдігер бұйым. Мұны мұражайға сексенінші жылдары есімі Мырзашөл өңіріне кең жайылған, еңбегімен ел құрметіне бөленген Садық Жолановтың қызы Жадыра апамыз тапсырған екен. Ол қандай патефон? Не үшін берілді? Енді бір сәт оның тарихына тереңдеп, сырына үңіліп көрелік.  Садық Жоланов өмірінің соңына дейін ел басқарған, текті кісі ретінде танылған. Арабша хат таныған, орысшаға да жетік болған. Кеңес үкіметін орнатуға белсене араласып, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен ел аузына іліккен. Сонау 1927 жылы коммунистік партия қатарына қабылданып, отызыншы жылы Шымкент облыстық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған. Мырзашөл өңіріндегі Жетісай ауданының «Қызылабат», «Интернационал» колхоздары мен Киров ауданындағы Куйбышев атындағы колхозын өз қолымен құрып, осы шаруашылықтарға ұзақ жылдар бойы басшылық еткен. Кезінде МТС-тің директоры болып дүрілдеген. Адал еңбек, халық қошеметі Садықтың абыройын асқақтатып, даңқын биікке көтерген. Көне тарих былайша сөйлейді: Садық Жоланов 1935 жылы Мәскеуде өткен колхозшылардың І съезіне делегат болып сайланып, Сталинмен бір қатарда президиумда отырады. Маленковтың баяндамасын тыңдап, колхозшылардың жарғысын қабылдауға дауыс береді. Сол жолы ұжымшар құрылысы жолында ерен еңбектерімен ерекше көзге түсіп, қошеметке ие болған бір топ колхозшыға Иосиф Сталин өз қолымен сыйлыққа патефон үлестіреді. Олардың арасында сұлу мұрты, ажары назар аударатын қаймана қазақ Садық Жоланұлы да болады  (мұражайдағы осы патефон). Содан кейін Маленков кеудесіне «Құрмет белгісі» орденін тағады. Мұражайда Жадыра апамыздың тапсырған патефонның бір үзік сыры осындай. Сталиннің өз қолымен Садық атамызға берген сыйлығы мұражайдың төрінен орын алып тұрғанын біз әрдайым мақтан етеміз. Патефон (Пате - француз фирмасының аты және фр. рһоnе -дыбыс) - граммофон пластинкасынан дыбыс шығаруға арналған механикалық-акустикалық аппарат. Патефон дыбыс жазу әрі оны қайта шығару үшін пайдаланылды. Бертін келе патефонның жетілдірілген түрі - граммофон шығарылды. Ол кейіннен электрлік пластинка ойнатқыш электрофонмен алмастырылды. Мұражайғға келген конақтарға күтабаққа жазылған әуезді үнді патефон арқылы тыңдауға болады. Техниканың қарыштап дамыған заманыңда көне патефон жазбаларын тыңдаудың өзі қызық әрі ерекше әсерге бөлейді. Таңдай қағасың, таңданасын.Қазір сол Садық атамыздың соңында қалған ұрпағы өсіп-өніп отыр. Үлкен қызы Жадыра, ұлдары Зейнулла, Сапар, Сейдулла, кіші қызы Сапаркүл немере-шөбере сүйіп, әкелерінің аруағы алдындағы перзенттік парыздарын абыроймен атқарып жүр. Бәрінің де қандарындағы тектілік «Садықтың ұл-қыздары» деген қастерлі атты асқақтатумен келеді. Айталық, кәсіби журналист, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықұлы осы макаланы жазуыма түрткі болды ол кісі арнайы Түркістана каласынан мұражайға келіп өзінің әкесі жайлы естеліктермен бөлісіп өз еңбектерін сиға мұражайға тапсырып кетті.    Есімі елге танымал, республика журналистерінің алғы шебінде жүрген журналист-ғалым Сейдулла Садықұлы жөнінде көп айтуға болады. Олардың бәрін тізбелеп шығуға орын жете қоймас. Дегенмен, солардың шет жағасын айта кетейік. Сейдулла ағамыз жөнінде шәкірттері «Семсер сөздің серкесі» деген арнаулы кітап жазып, баспадан шығарған. Сейдулла ағамыздың өзі 11 оқулық, оқу құралдары мен монографиялардың авторы. Оның бұл еңбектерін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің, республикамыздағы басқа да оқу орындарындағы журналистика, саясаттану мамандықтарының студенттері оқып жүр.  Журналистика мамандығы бойынша айтулы ғалымдардың санатында жүрген Сейдулла Садықұлының ғылыми-зерттеу еңбектері Америка, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Исландия, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерде ағылшын, орыс, түрік, азербайжан, өзбек тілдерінде үзбей жарияланып келеді. Ардақты профессор ағамыз Қазақстан Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, қасиетті Түркістанның Жыл адамы. Бұлардан басқа алған марапаттаулары мен сыйлықтары бір басына жетерлік. Кезінде аты шулы Сталиннің өз қолынан патефон алған Садық атамыз туралы ел аузында әңгіме көп айтылатын. Баяғы көнекөз қариялар түгелдей дерлік өмірден өтіп кетті. Сол аталарымыздың соңғы тұяғы болған, биыл ғана тоқсаннан асқан шағында бақилық сапарға аттанған, кезінде Садық атамыздың шарапатын көріп, қарауында қызмет еткен, сүйікті інілерінің бірі Әди Ахметов аксакал бізге Садық ағасы жайында былайша сыр шертіп еді: Ұшқан құс қанаты күйетін, кенезесі кеуіп жатқан Мырзашөл өңірін гүлдендіруге Садық ағамыз өлшеусіз еңбек сіңірді, жан аямай тер төкті. Мырзашөлдің өн бойына қан жүгірткен Киров каналын салуға басшылық еткен аяулы азаматтарымыздың бірі біздің ағамыз Садық Жоланов болатын. Жолан атамыздың екі ұлы болған. Үлкені Садық, кішісі Майрық еді. Майрық жәкем сол дәуірдің серісі болды, ел де басқарды. Басқасын айтпай-ақ қояйық, біздер, Қаракөсе әулетінің үлкенді-кішісі, Садық жәкемнің көлеңкесінде жүріп есейіп, ел қатарына қосылдық.  Ел тізгінін ұстаған ағамыз ағайынның қазаны қайнап тұруына баса мән беретін, қатаң қадағалап отыратын. Жетім-жесірлерді әрдайым желеп-жебеп, өзім дегенге өзегін суырып беруге дайын еді ғой. Осы сөзіміздің айқын дәлелі ретінде талай жылдар бойы жыр болған мына бір оқиғаны айта кетейін: Садық жәкеміз колхозшылардың Алматыда өтетін үлкен жиынына шақырылады. Ол кезде ағылып жатқан машина дегеніңіз сирек. Іссапарға шығудың өзі ақырет болса керек. Сапарға аттанған  Жарықтық көкем өтірік-өсек айтқанды әсте ұнатпайтын. Ондайларды қатаң жазалап отыратын. Темірдей тәртіптің адамы еді. Әр ісінен, жүзінен иман төгіліп тұратын. Біз Садық ағамыздан үлгі-өнеге алып алып өстік. Мырзашөл өңірінің аузына елді қаратқан ақыны Мұса Жұманазарұлымен Садық  жәкеміз біраз күн бөгеліп қалады да аман-сау елге оралады. Рабаш жеңешеміз ас қамына кірісіп,ағамыздың арасынан қыл өтпес дос-туыс болды. Сол 40-шы жылдары Мұса ақын  қазанға ет сала бастайды.                                                                                                     

- Бұл қайдан келген ет? – деп сұрайды Садық жәкеміз. Жеңешеміз еттің жайын түсіндірсе керек.                                                    - Шақыр ана Майрықты! – дейді түсі бұзылып, түнеріп кеткен Садық жәкеміз көмекшісі болып жүрген Есет інісіне.  Мәселе былай болған екен. Інісі Майрық іссапарда жүрген ағасының жанұя жағдайын білуге келіп, мұндағылардың азық-түліктен тарығып отырғанын көреді. Бұл отызыншы жылдардың аяғы болса керек. Ауыр аштық азабынан шыққан ел әлі де ес жия қоймаған. Күндерін ілдәлап әрең көріп отырған халықтың жайы ауыр. Майрық болса көрші колхоздың бастығы. Мән-жайға қаныққан інісі ауылына келеді де бір қойды сойдырып, ағасының үйіне жеткізеді ғой...  Ашу-ызадан булығып отырған Садыққа інілері Майрық пен Есет ентелей басып жетсе керек. Жәкеміз ай-шайға қарамай інісі Майрықты қамшының астына алады...  - Пәдәріңе нәлет, елдің жайы болса мынау. Ет жеп отыратындай, біздің олардан қай жеріміз артық! – дейді қамшысын құлаштай сермеген Садық жәкеміз қалшылдап. Сонымен не керек, қазандағы және жаймадағы еттің бір түйірін де қалдырмай қапқа салдырып, Майрыққа арқалатады. Етті колхоз қоймасына өткізіп, жетім-жесірлерге, қарттарға қылдай бөліп беруді қатаң тапсырады. Ұзамай-ақ бұйрықтың қалай орындалғанын өз көзімен көріп қайтады да әрең дегенде сабасына түседі...  «Жоланның ұлы Садық» деген көлемді поэма жазды. Қатырма мұқабалы қалың дәптерге бастан аяқ – толық көшірілген сол жырды мен де әлденеше рет бас алмай оқыдым. Өкінішке орай, сол поэма кейіннен жоғалып кетті. Оған иелік ететіндей емес, Садық ағамның балалары тым жас еді. Алла тағала өзі кешірсін, айып бізден, есі кірген інілерінен, бауырларынан болды. Құнды қолжазбаға иелік ете алмадық. Осындай жауапсыздығым ойыма түскенде, әлі күнге дейін жүрегім сыздайды. Ұяттан өртеніп бара жатқандай болам. Сол поэмадан мына бір шумақ есте қалыпты: 

Атың жұртқа жайылды,                                                                                                                                                                               Жоланның ұлы Садық деп.                                                                                                                                                                           Көркейдің, бәйге-сыйды алып,                                                                                                                                                                     Алматы-Мәскеу барып-кеп...                                                                                                                                                                       Атағы дүркіреп, ел басқарған ағамыз дүние-мүлік жинамаған кісі. Садық ағамыз пайғамбар жасынан асқан шағында 1957 жылы дүниеден өтті. Әлі есімде ол кісінің сойыс  малдарын өзіміз ұйымдастырдық. Артындағы балалары мен жеңгеміз Рабашқа мұраға қалдырғаны тоқал там ғана болды. Ия, Садық ағамыз өзі үшін ешнәрсе жасамаған, өзгелерге болсын деген абзал да үлкен жүректі асыл жан еді» деп, аяқтаған еді Әди аксакал Садық атамыз жайлы әңгімесін. Сталиннің қолынан патефон алған Садық атамыз жайлы әзірше айтарымыз осы.

                                                                                       Асқар Тәжібекеев мұражай директоры

                                                                                

Просмотров: 849 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0