Главная » 2014 » Мамыр » 4 » Мырзашөлдің мақтанышы Жұмагүл Сауырбаева
13:17
Мырзашөлдің мақтанышы Жұмагүл Сауырбаева

                          Мырзашөлдің мақтанышы Жұмагүл Сауырбаева

 

Біздің мұражай « Мақта шаруашылығы

 тарихы мұражайы» болғандықтан, Мақта-

аралда мақтаны өсіруде, өңдеуде, теруде

«Еңбек Ері» атағын алған жерлестеріміз,

олардың еңбек жолдары, атқарған қызметтері,

марапатталған ордендері туралы материалдар

мұражайда сақталған.Солардың бірі Мақтааралдың

 жұлдызы,Мақтааралдың мақтанышы

Жұмагүл Сауырбаева.

     Жұмагүл апамыз қарапайым шаруа отбасында 1945 жылы 24 наурызда өмірге келген. Әкесі Қашуақ колхозда қоғам малын бақты, анасы Үміт мақташы еді. Жұмагүл апа дүниеге келгенде әкесі 58- де, анасы 38- жаста болатын. Жұмагүл апамыз ерке болып өссе де, жастайынан мақтаға шықты. Қазіргі қуыршақ ойнап отыратын бүлдіршіндердің жасында еңбектің теріне шомылып жүрді. Еңбекқор қыз мектеп бітірген жылы мақта шаруашылығына аралысып кетті. Сол жылдары Еңбек Ері атанған Ұлтай Ділдәбекова, Кенжегүл Дауылбаевалардың есімдері шарықтап тұрған кез. Осы апалардың жолын қуып тракторшылардың 6 айлық курсын бітірді. Ауылда техника да, механизатор да тапшы уақыт. Жұмагүл апаның еншісіне « Универсал » тракторы берілді. Осылай еңбек жолы басталып кетті. Сол кездің өзінде 7 – 8 тоннаға дейін « Ақ алтын» теріп, озат атанды. Бұл жас механизатордың жеңісі еді. Осылайша рекордтың көрсеткіштері жалғаса берді. Жары Қаналбай ағамен отбасын құрған соң тұңғыштары Марат дүниеге келді. Ер жүрек, еңбекқор ана емізулі сәбиін енесінің бауырына тастап, егін алқабына шығып кетті. Егіншілікте жүріп тағы да төрт перзентті өмірге әкелді. 1969 жылдан бастап мақташылардың бригадасында жетекшілік ете жүріп, әр гектардың өнімділігін 55 – 57 центнерге дейін жеткізді. Бұл ең үлкен рекордтық көрсеткіш еді.Еңбек Ері атағымен бірге, екі Ленин ордені, Еңбек Қызыл ту ордені, « Құрмет Белгісі» ордендерін, бірнеше КСРО медальдарын тақты. Бірнеше жыл облыстық Кеңестің депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, Өзбекістан мен Қазақстан компартиялар съездерінің делегаты және басқа да қоғамдық – саяси мәні зор жауапты қызметтер атқарды.

     Қазақстан Егемендік алғаннан кейін де Жұмагүл апа қарап жатпады, жары Қаналбай екеуі 1997 жылы « Жұлдыз » шаруа қожалығын құрып, мақта өсірді, мал бақты.

     Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан, еліміздің жоғарғы наградасы         « Отан » орденін алды. Ал, сонау 1980 жылы 3 наурызда Социалистік Еңбек Ері атағы мен Ленин Орденін, « Орақ пен Балға » алтын медалін Дінмұхамед Қонаевтың өз қолынан алған.

    « Мақта – ауа райын, жер жағдайын талғайтын техникалық дақыл. Ол кең – байтақ еліміздің кез келген өлкесінде өсе бермейді. Біздің республикамызда оның отаны – Оңтүстік Қазақстан ғана.

     Біз, Қазақстан мақташылары, осынау күншуақты өлкенің еңбеккерлері, атымызға сай абыройлы еңбек биігінен көріне беру – абзал борышымыз деп есептейміз.» деп, Жұмагүл Сауырбаеваның « Жетісайдың мақтасы » кітабында жазылған осы бір сөз шумақтары, туып - өскен жеріне деген патриоттық сезім мен еліне деген сүйіспеншілігін аңғартып тұрғандай.

      Тарихта өшпес аты қалған, Мырзашөлдің осындай жұлдызы   небәрі 65 жасында дүниеден озғанымен, артында ісін жалғастырар шәкірттерін қалдырды.

« ОҚО мақта шаруашылығы тарихы мұражайы » МКҚК қызметкері

Бекмамбетова А. Алтын қазына газетіне

Просмотров: 286 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Мамыр 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0