Главная » 2015 » Мамыр » 19 » ХХ ғасырдың басындағы сандық
11:58
ХХ ғасырдың басындағы сандық

ХХ ғасырдың басындағы сандық.

 

Мақта шаруашылығы тарихы  мұражайға жыл сайын аудан көлемінде заттарды жинақтау және сақтау жүргізілуде. Осындай заттарымыздың бірі  ХХ ғасырдың басында  жасалынған  Айша апамыздың сандығы. Ол сандықты  Айша апамызға атасы қызын ұзатар кезде жасау ретінде сол кездегі ұсталарға қолдан жасатып берген. Сандықтың бетін қошқар мүйіз өрнегімен және тышқан ізімен басқада ою-өрнектер салдырған. Оны әртүрлі түске боятқан. Сандыққа қыздардың жасауын, киімдерін салып апарған. Үстіне көрпе –төсек жинайтын болған. Сандықты негізгі қайың, қаратал ағашының  сүрегінен жасаған. Әр түрлі көлемде үстіне жиналатын көрпе, көрпешелердің үлкен –кішілігіне қарап әзірлеткен.

Бізге дейінгі ата –бабалар тұрмысында өте ерте кезден бастап пайдаланылған. Қазіргі кезде де әлі қолданыстан қалмаған. Қазақ негізгі қонақжай халық болғандықтан қыз ұзатқанда көрпе мен көрпешені көптеу етіп берген, себебі біз сол көрпе көрпешелерді әлі күнге дейін пайдаланамыз. Үйдегі артық затты салып қоюға, көшкен кезде заттарды салып артуға өте қолайлы. Сандықтың түрлері қол сандық, кебеже, жағдан деген түрлері бар.

Қол сандық –бойжеткен қыздарға арнап жасалады. Қыздың жасау құрамына енеді және өте сәнді бұйымның бірі. Бұған қыздың өзіне тиесілі заттары салынады. Мысалы : қыздардың әшекейлері, сырға, жүзік, білезік, боянатын заттары т.б.

Кебеже –ағаш сандықтың бір түрі оны да оюлап әшекейленіп жасайды оған азық –түлік, тамақ салады.

Жағадан –сапалы былғары мен күмістен қапталып жасалған оны тек ауқатты адамдар қыздарына арнап жасатқан. Сандықтардың бетіне салынатын ою-өрнек түрі әр түрлі жан –жануарлар, құстар, табиғат заттарына байланысты ою-өрнек көптеп салынады. Сандық жұқа мықты тақтайдан жасалып бет жағын ою-өрнектерді кесу арқылы сүйекпен безендірілген, әр түрлі тастармен әшкейленген. Екі жағында тұтқа орнатылады, көтеріп орнын ауыстыруға қолайлы болу үшін. Оның аузына ішкі және аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі нам тартпау үшін астына жүк аяқ орнатады. Ұлттық дәстүріміздің халық арасында қазіргі кезге дейін сақтаулы, тұрмыстық қажеттіліктен туындап отыр. Сандықтар осының дәлелі болмақ. Мұражайға келген әрбір экскурсанттық мұндай көне жиһаздарға қызыға қарап, өнердің, тазалықтың, мәдениеттіліктің үлгісі ретінде қабылдап жатады.

                                                                                                  Экскурсия жүргізуші Бабашова рая

Просмотров: 776 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Мамыр 2015  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0