Главная » 2014 » Мамыр » 4 » Мақтарал ауданындағы археологиялық ескерткіштер
13:31
Мақтарал ауданындағы археологиялық ескерткіштер

Мақтарал ауданындағы археологиялық ескерткіштерге барлау жұмыстары жүргізілді

      2013 жылы 14 тамыз күні Облыстық мәдениет  басқармасының басшысы К.С.Айдарбекованың бұйрығымен, тарихи-мәдени мұра құндылықтарын сақтау бөлімінің маманы Е.Алтынбек, облыс әкімінің «Тарихи –мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК –ның бөлім меңгерушісі Қ.Жандос және осы мекеменің ғылыми қызметкері Б.Зулхарнаев бастаған, «Мақтарал ауданы бойынша археологиялық ескерткіштерге барлау жұмыстарын жүргізу және жаңаларын анықтау» тақырыбында экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның мақсаты - археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, көне тарихи ескерткіштерді зерттеу және анықтау, тіркеуге алу, оларға ғылыми негіздеме беру.

          Археологиялық барлау жұмыстары көне Ұтырлы  калашығында жүргізілді. Ұтырлы –көне қаланың аты. Қала жұртының орны қазіргі Атакент кентінің солтүстік батыс жағында, Сырдария өзеніне құятын Сарыөзек тармағының жағалауында, көне  керуен жолының бойында орналасқан. Ұтырлы қаласы біздің дәуіріміздің ІХ-ХІ ғасырлар аралығында ғұмыр кешкен. Алып жатқан жер аумағы алпыс гектардан асады. Қала ірі –ірі үш сәулеттік –құрылыстық жүйеден тұрады. Көп бөлмелі үйлерінің қабырғалары күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Бөлмелерінің едендері айшықты суреттермен көркемделген.

     Топырақ астында қалған Ұтырлының орны бүгінде биік төбеге айналған. Өзбекстан Ғылым академиясының Археология институтының ғалымдары Ю.Ф.Буряков пен О.М.Ростовцевтің 1972 жылы Мәскеуде «Наука» баспасынан басылып шыққан «Архелогические открытия 1971 года» деп аталатын кітаптағы мақаласында Ұтырлы қаласының орны табылғаны жөнінде мәліметтер бар. Ю.Ф.Буряковтың 1973жылы Ташкент қаласындағы «Фан» баспасынан басылып шыққан «Археологические памятники Ташкентской области» деген кітабында, Сырдарияның сол жағалауында Ұтырлы қаласының орны табылғаны жөнінде тағыда атап көрсетілген. 1971 жылы Өзбекстанның Ғылым академиясы жанындағы Археология иниститутының зерттеуші ғалымдары Ю.ф.Буряков пен О.М.Ростовцев бастаған археологиялық экспедицияның Ұтырлы қаласының қала жұртының орнына қазба жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде, қыштан жасалған құмыралармен қатар күнделікті тұрмыста пйдаланылған өзге де ыдыстардың сынықтары, гауһар, коралл, аметист, сердолик, лазурит, кварц, холцедон секілді аса бағалы тастардан, әйнек пен сүйектерден жасалған түймелер мен теңгелер табылды. Бұдан кейін бұл қаланың орнында археологияық қазба жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмей келді.

       Археологиялық қазба жұмыстары тек 2004 жылдан бастап қана қайта қолға алына бастады. Сол жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде «Сырдария» университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к М. Қасенов бастаған, құрамы осы аталмыш кафедраның оқытушылары (С.Н.Апашева, А.С.Тажібекеев, М.Б.Мейірбеков, Е.Н. Панов) мен осы университеттің тарих мамандығының студенттерінен тұратын археологиялық экспедиция Ұтырлы қала жұртының орнында тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Осы қазба жұмысының нәтижесінде Ұтырлы қалашығының орнынан тұрғын үйлердің қалдықтары; көзелердің, құмыралардың сынықтары; металдан, сүйектен, тастан жасалған бұйымдар табылды. Айта кететін бір жәйт, осы бұйымдардың арасында бізге белгісіз, көне жазуы бар қыштан жасалған ыдыстың сынығы да бар. 2009 және 2010 жылдары «Археолог» Халықаралық Жауапкершілігі Серіктестігінің президенті, профессор, т.ғ.д М. Елеуов бастаған, Сырдария университеті, тарих кафедрасының оқытушылары т.ғ.к Апашева С.Н, Мейірбеков М.Б қостаған «Мырзашөл» археологиялық экспедициясы осы қалашықтың орнында қазба жұмыстарын жалғастырды. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген заттай ескерткіштер – қыштан, керамикадан жасалған ыдыстардың сынықтары, металдан жсалған бұйымдардың қалдықтары табылды. Сонымен бірге бұл экспедицияның елеулі табысы – құмыра жасайтын шеберхана қалдығының табылуы болды. Мұндағы құмыралардың кейбірі бұзылмаған күйінде сақталған. Осы қалашықтан табылған заттай ескерткіштер Сырдария университетінің мұражайында сақтаулы тұр.

Ұтырлы қалашығының төмендегі сызба-картасы 2004 жылы жасалған

 

 

 

«ОҚО мақта шаруашылығының тарихы мұражайы»

 МКҚК директоры  А.С.Тажибекеев. 

Просмотров: 1616 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Мамыр 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0