Главная » 2015 » Сәуір » 7 » Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай, мерген Тілеуғали Әбдібеков туралы.
14:37
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай, мерген Тілеуғали Әбдібеков туралы.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай,

мерген Тілеуғали Әбдібеков туралы.

 

Биыл Ұлы Жеңістің аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертеңнің тарихы жоқ. Қан майданда ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен батырлар жөнінде жас ұрпаққа өнеге етіп  көрсету біздің міндетіміз. Осы орайда «ОҚО мақта шаруашылығы тарихы мұражайында» өзіміздің жерлестерімізді жұртшылыққа кеңінен насихаттау іс-шаралары өткізілуде. Мақтарал ауданының соғыс ардагерлері туралы «Отанымның жарқын жауынгерлері» атты көрме ұйымдастырылып, ардагерлермен кездесулер өткізілуде.

«ОҚО мақта шаруашылығы тарихы мұражайында» суретші Чернухиннің «Мерген Тілеуғали» картинасымен экскурсия жүргізуші таныстырып, Т.Әбдібековтың өмірдеректері жайлы мәліметтер беріп өтеді. Сондай-ақ, мұражай қорында Т.Әбдібековтің досы Әдішев Әбуге соғыс кезінде жіберген фотосуреті сақтаулы.

Ұлы Отан соғысының отты-жалынды жылдарында «Отан үшін отқа түссең күймейсің», «Ел үшін аянба-ерлігіңе сын» деген ұрандармен жауға қарсы шығып, денесін оққа тосқан, батыл әрекет жасаған ерлеріміздің бірі Тілеуғали Әбдібеков. Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен аты шыққан мерген Тілеуғали (Төлеуғали) Әбдібеков 397 жаудың көзін жойған батыр.

Тілеуғали Әбдібеков 1916 жылы Семей облысы Жарма ауданында туылған. 1930 жылдары қиын жылдар болды, осы жылдары Мырзашөлді игеру жұмыстары жүргізіледі. Орталық Азияда танымал Мақтарал тұқым шаруашылығы құрылғанына 6 жыл өткен. Ұжымдастыру жүргізіле бастаған кез. Осының салдарынан Тілеуғалидің отбасы 1932 жылы Мақтарал ауданына көшіп келеді. Тілеуғали күніне 300-350 кг мақта теретін болған. Тілеуғали  Ильич бөлімшесінде өндірістік бригадаға жетекшілік еткен. Осы жерден 1941 жылы  Қызыл армия қатарына шақырылады. Ол 8 гвардия дивизиясының 30 атқыштар полкінің құрамында шайқасады.  Мергендік қозғалыс 1941-1942 жылдары әскердің жаппай шегініп, қорғаныс ұрыстарын жүргізуге мәжбүр болған Ленинград үшін шайқаста туған. Тілеуғали Әбдібековтың көздегенін қалт жібермейтін снайперлік қуатын фашисттер «қара өлім» деп атаған.

1944 жылы Тілеуғали Әбдібеков ауыр жарақаттан қайтыс болады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Тілеуғали Қызыл жұлдыз, Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Бірақ, Тілеуғали Әбдібековке Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеген, себебі өмірбаяндық анкетасында өзінің туысқан ағасы К.Насырхановтың репрессияға ұшырағанын жасырмай жазған. Т.Әбдібеков Калинин облысы Сокольничий ауданы Насва-Нова станциясының солтүстік-шығысына жерленген.

                                                                                                      Кіші ғылыми қызметкер Саметова С.

Просмотров: 1054 | Добавил: aika | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
0
1 Everettric   (13.02.2024 09:39) [Материал]
<center><b>Новые образы актрисы | New images of the actress</b>


<img src="https://i.imgur.com/BukhTe7.jpg">


<b>Сайт | Website:</b> https://olgafadeeva.info

</center>

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Сәуір 2015  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0