Главная » 2014 » Мамыр » 4 » Бір елміз, бір халықпыз
12:39
Бір елміз, бір халықпыз

Бір елміз, бір халықпыз!

       30 мамыр күні «ОҚО мақта шаруашылығы тарихы мұражайында»  «Бір елміз, бір халықпыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Мұражайда «Ұлттық киімдер» және  «Бір елміз, бір халықпыз!» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жантөреев Е., Славян мәдени орталығының төрағасы

Самохвалов В., Тәжік мәдени орталығының төрағасы Худайқулов А., совхозда қызмет еткен Климов В. , Сейдахметова Б., Кенжебаев Т., Челашаниди В., кент мекеме қызметкерлері және мектеп оқушылары қонақ ретінде шақырылды.

       Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Алғы сөзді мұражай директоры А.Тажибекеев сөйлеп, баршаны мерекемен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен береке тіледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жантөреев Е. мұражайда атқарылып жатқан іс-шараларға оң бағасын беріп, мұражайдың халыққа танылып, өркендей беруін тіледі.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының XX съезіне қатысып қайтқан   Худайқулов А. көп ұлтты және ортақ тарихы мен салты бар елімізге амандық тілеп, баршаны мерекемен құттықтады.

     №14 кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері мен В.Комаров атындағы жалпы орта мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Оразмахамбетова Р. «Оңтүстік нұрыстан»әнін, В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары өзбек биін, Сенбі А. «Бұлқынды жүрек» әнін, Утегенова К. «Көңілді күй» биін орындап, қонақтарды бір марқайтып қойды.

Келген қонақтарға мұражайда дастархан жайылып, гүл шоқтары ұсынылды.

     Мерекелік шара мұражайда экскурсия жүргізумен жалғасты. Қонақтар мұражайдағы экскурсияны тамашалап, өз жастық шақтарын еске алып, өздерінің өткендерін еске алысты. Мұражайда қонақтар естелік суретке түсіп, жақсы әсермен тарқасты.  

                                      «ОҚО мақта шаруашылығы тарихы мұражайының»

                                 кіші  ғылыми қызметкері Саметова С.

 

Просмотров: 667 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Мамыр 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0