Главная » 2014 » Желтоқсан » 22 » Соқа
11:56
Соқа

Соқаның мыңжылдық тарихынан.

Адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы барысында орасан зор орын алған, көне дәуірлерден қазірге дейін қолданылып келе жатқан соқа  мыңдаған жылдар бойы жетіле келе ертедегі қарапайым имек ағаштан осы заманғы күрделі ауыл шаурашылығы техникасына айналды.

Ежелгі қауымдар пішіні жағынан қазіргі құралдарға ұқсас кетпендер мен түзу ұшталған имек таяқ жерқазғыштарды жеуге жарамды тамырлар мен түйіндерді қопарып алуға пайдалана отырып, оны өгіз, бұқа, есек, ат сияқты үй жануарларына тіркеу идеясына, яғни алғашқы соқаның идеясына жетті.

Бірінші коммерциялық соқа 1730 жылы Англиялық Джозеф Фольямбенің роттердам соқасы есептелді. Ол мықты, әрі жеңіл және оның пайда болуына шотландиялық конструктор Джеймс Смолланың математикалық есептері қолданылды. 18 ғасырда Англияда алғаш рет америкалық өнертапқыш Чарльз Ньюболдтың шойыннан жасалған соқасы патенттелді. Алғашқы болаттан жасалған соқалар 19 ғасырда пайда болды. Болаттан жасалған соқаны америкалық ұста Джон Дир ойлап тапты, сөйтіп 1868 жылы DEER&Company компаниясының негізін қалады. 1837 жылы Дир құйылмалы болаттан жасалған соқасын саудаға шығарды. 1840 жылы Дир жылына 80-100 соқа шығарды, ал 1855 жылы оның фабрикасы 10000 астам соқаны сатты.

Өндірістік қатынастар жедел дамыған 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тұрмысында жалпы Ресей империясының экономикасына Батыс Еуропа елдерінің әсерімен тараған “плуг” (неміс: pflug, ағылшын. plough) соқасы қолданысқа енді. Соқаның жетілдірілген әрі қымбат бұл түрін ауқатты қазақтар Брянск зауытынан, Ген, Сакк сияқты кәсіпкерлердің компанияларынан да сауданың түрлі әдістерімен алып отырды. Мұның ең тиімдісі көптүренді “плугтар” еді, бірақ бағасы қымбат болғандықтан, оны тек байлар алды. Кеңес өкіметі тұсында Октябрь революциясы зауыты ең қарапайым, бір корпусты атқа жегетін плугтарды шығарды. Алғашқы кеңес тракторы «Фордзон - Путиловец» шығарыла бастағанда зауыт өндірістің көп бөлігін тракторға арналған плугтарды шығарумен айналысты.

Алғашқы атқа тіркелетін соқа мұражайда құнды жәдігерлердің қатарында экспозицияда жасақталған. Сонымен қатар, алғашқы мақта егу құралы, культиватордың түр-түрі келген адамды қызықтырмай қоймайды. Бұл соқа Мақтарал кеңшарында «Фордзон» тракторы әкелінген уақытқа дейін қолданылған алғашқы жер өңдеу құралы болып келді. Совхозда 18 "Фордзон" тракторы болғанымен, олар сол кездің өзінде 6000 мың гектар жерді жыртуға күші жетпеді. Кеңшардың көптеген жерлері ат және өгіз күшінің көмегімен жүргізілді. 1925 жылы кеңшарда 252 ат пен осынша шамада өгіз болды.

1925 жылы айдалған жердің жартысы ат күшімен жасалса, бір жылдан соң 45,5 пайыз және 1927 жылы тек 12 пайыз ғана  ат күшін пайдаланды. 1928 жылдан бастап жерді жырту толығымен машинаның көмегімен жүргізіле бастады.

1944 жылы кеңшардың 20 жылдығы тойланып, кеңшар ауыл шаруашылығы көрмесін ұйымдастырады. Осы көрмеден соң мұражай ашу жөнінде шешім қабылданады. Сол уақыттан бастап мұражайға жәдігерлер жинақтала бастады. Алғашқы қолданылған жер өңдеу құралдары мұражайда әлі күнге дейін өз құнын жоғалтпай, сақтаулы тұр.

Соқаның бұрандалы, жартылай бұрандалы, цилиндрлі, қайырмасыз, т.б. түрлері бар. Соқамен жер жыртудың үш тәсілі қолданылады:
1) Жер қыртысын аударып жырту. Бұл кезде бұрандалы не цилиндрлі соқамен ені 40 см жер қыртысын 180°-қа аударып жыртады. Бұл әдіс ауыр сазды әрі шымдалған жерлерде көбірек қолданылады. Себебі мұндай жыртудың артынан топырақты қосымша өңдеу қажет;
2) Жер қыртысын айыра жырту. Мұнда жер қыртысы бір-біріне 45 бұрышпен, 135° шамасына аударылады;
3) Шолақ түренді соқамен жырту. Бұл әдіспен жерді жыртқанда топырақтың үстіңгі тозаңданған қабатынан түрен мен пышақ 10 см тілген қыртыс қайырманың жәрдемімен арықтың түбіне түседі де, төменгі қабаты үстіне аударылады. Бұл әдіспен жыртылған жердің беті тегіс келеді және жер өңдеудің тырмалау, қопсыту сияқты жұмыс түрлерін жүргізу жеңіл болады. Қыртыс жақсы жентектелуі үшін ылғал топырақ біраз кеуіп, иленбейтін және соқаға жабыспайтын болған кезде жыртады. Жер жырту тереңдгі топырақ қабатының қалыңдығына, егілетін дақылдардың биологиялық ерекшелігіне, арамшөптің көптігіне, т. б. байланысты. Жер жырту тереңдігі 20 см-ге дейін болса, таяз жер жырту, 20 — 22 см — қалыпты жер жырту, 23 см-ден артық — терең жер жырту деп аталады. Жер жырту мерзімі ауа райына, топырақ құрамына және дақылды егіп-өсіру технологиясының ерекшелігіне байланысты белгіленеді. Жер ерте көктемде, жазда және сүдігер ретінде күзде жыртылады. Жыртылатын қабатты тереңдету үшін топырақ тереңдеткіштер қолданылады.

 

                                                                                 Кіші ғылыми қызметкер Саметова С.

Просмотров: 338 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2014  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0