Главная » 2017 » Қараша » 6 » музей тарихы
15:56
музей тарихы

«ОҚО мақта шаруашылығы тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығы тарихы музейі 1944 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1930 жылы салынған. 1944 жылы «Пахтаарал» (қазіргі Мақтарал ауданы) совхозының құрылғанының 20 жылдығына арнап ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылады. Осы көрмеден кейін кеңшар қаулысы бойынша шаруашылықтың егіншілік саласындағы қол жеткізген табыстарын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатымен музей құру туралы шешім қабылданады. 1973 жылы Қазақстан КП Пахтаарал аудандық комитетінің және аудандық кеңестің халықтық депутаттарының атқарушы комитетінің қаулысымен музей келушілер үшін салтанатты түрде ашылады.1971-1979 жылдары музей қоғамдық негізде жұмыс істеді. ҚазКСР Мәдениет министрлігі коллегиясының 1979 жылғы 31 қазандағы №102 қаулысына сәйкес музейге «халықтық» атағы беріледі. 1984 жылы Мәдениет министрлігі Ж.Еркімбековтің қолы қойылған 16.02.84ж. №57 бұйрығына, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Ашимов қол қойған №30-қаулысына сәйкес музей Мәдениет министрлігінің қарамағына өтеді. 2002 жылдан бастап «Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы тарихы мұражайы» мемлекеттік мекемесі деп аталды. 2005 жылы облыстық бюджет есебінен қаржыландыру басталды. 2007 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығы тарихы мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Музейді құрып, ұшан-теңіз материал, құжаттарды жинастыруда, ғылыми жүйелеуде музейдің алғашқы ұйымдастырушысы КСРО қорғаныс министрлігінің дербес зейнеткері, музейде директор болып қызмет атқарған Василий Иванович Амельченко 1984 жылы Ташкент қаласындағы «Рассом» сурет комбинатымен шартқа отырып, заман талабына сай безендіру жұмыстары жүргізіліп, аяқталады.

ОҚО мақта шаруашылығы тарихы музейінде» Н.Хрущев, Қазақстанның ОК I-хатшысы Д.А.Қонаев, қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқов келіп, АҚШ-тың, Бразилияның, Монғолияның, Қытайдың, Кубаның, Венгрияның, т.б. дүниежүзі елдерінің делегациялары болып, тамашалаған. Музейде келген қонақтардың қолтаңбалары қалдырылған кітапты экспозиция залынан көруге болады. Музей экспозициясының алғашқы залы 1913 -1945 жылдар аралығын қамтиды. Музей экспозициясы Мырзашөлдің панорамасымен басталып, суландыру жұмыстары, алғашқы мақта егу құралдары мен техникалары, «Пахтаарал» совхозының алғашқы директоры, Социалистік Еңбек Ері А.Орловтың жұмыс кабинеті, соғысқа дейінгі мақта сорттары, 1910 жылғы «Максим» пулеметі, 1917 жылғы мылтықтар мен тұрмыстық заттар орын алған. Музейдің кейінгі экспозициясы 1946 жылдан басталып, қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Мақтаны өлшеу құралдары, мақтадан алынатын өнімдер, ауданда қызмет атқарған адамдардың өмірінен мәлімет алуға болады. Әскери-патриоттық жұмыс музей ұжымының басты бағыты болып келеді.

 

Просмотров: 92 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Қараша 2017  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0