Главная » 2015 » Ақпан » 24 » Керамикалық құмыра
10:09
Керамикалық құмыра

Мақтарал кеңшарының мерейтойына берілген керамикалық ваза.

 

         Ленин орденді «Мақтаарал» совхоз –техникуммының жұмысшыларын, мамандарын және қызметшілерін шаруашылықтың құрылғанына 50 жыл толуымен Шымкент облыстық кәсіподақ кеңесі  құттықтап, үлкен керамикалық вазаны сыйлыққа берілді. Қазіргі таңда, ол керемикалық ваза біздің мұражайымыздың үлкен залының ішіне кірген адамдардың көзіне түсетін жерде сақтаулы тұр және мұражайға келген қонақтарға  керемикалық вазаны совхоз кеңшарының 50 жылдық мерейтойына берілгені жайлы айтып кетеміз.Ваза –керамикалық фарфордан жасалған, ұзындығы 53см, диаметрі-80см.

           Мақта шаруашылықтың дамуы Түркістан өлкесінде мақта өсіруге арналған суландыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі декретке қол қойған В.И.Ленин есімімен тығыз байланысты.

          Алғашқы жылдары табысы шағын болған совхоз осы жылдар ішінде жоғары механикаландырылған, жан –жақты өркендеген және табысты шаруашылыққа айналды. Совхоз ұжымын облыста бірінші рет егіншілік және мал шаруашылығының мәдениеті жоғары  құрметті ұжым аттағы берілді. 1974жылы совхоз кеңшарының басшысы Ли Тен Хан кезінде гектарына 38,7 ц мақта өткізген және гектарына 166ц жоңышқа жиналып, ал сол кезде  1- Май бөлімшесінен гектарына 202ц  жоңышқа жиналды. Жүгері гектарына 244ц өткізіліп, қызылша 47ц өткізілген. 1973-1974жылдары қара малдың саны -4400, шошқа-2605, жылқы-207, тауық -5200 өсірілген. Совхоздың бау –бақшасынан 1350т жеміс –жидек өткізген. Бау-бақтан -1500т, картошка-900т, жеміс –жидектен 480т, жүзім-370т өткізілген.                                                                                                                                    Атап айтқанда 11 ойыншыдан құралған «Мақтарал» футбол құрамасы  совхоз кеңшарының 50 жылдық мерейтойына келіп стадионда  ойнаған. Мұражайымызда 1974жылы  «Мақтарал» футбол құрамасы  өздерінің тепкен добына қол таңбасы жазып   естелік ретінде қалдырған. Қазіргі таңда мұражайдың үлкен залының ішінде сақтаулы тұр.                              

 Совхоз ұжымы Отанға төрт жылда 93700 тонна шитті мақта тапсырып, тоғызыншы бесжылдықтың жоспарын мерзімнен бұрын орындады.

 Совхоз –техникум еліміздегі көптеген мақта шаруашылықтары үшін шын мәніндегі озат тәжрибе мектебі болып табылған. Партиялық  ұжым, кеңес қызметкерлері, шаруашылықтардың басшылары тәрбиеленіп, партиялық тұрғыдан шыңдалуымен бірге, көптеген мамандар шеберлік мектебінен өткен.

   1924-1974жылдар аралығында совхозда қырық үш ұлттың өкілдері тұрып, ұйымшылдықпен еңбек етілді. Сондықтан совхоз ұжымын лениндік ұлт саясатының жүзеге асырылуының айқын бір көрнісі болып табылған.

         Облыстық кәсіподақтары кеңесі Мақтарал совхоз-техникум  ұжымын  КПСС ХХІҮ съезінің тарихи шешімдерін ойдағыдай жүзеге асыруда үлкен өндірістік табыстарға жетіп, бесжылдықтың айқындаушы жылын және тұтас 1974жылдың тоғызыншы бесжылдықтың жаңа  еңбек жеңістерімен аяқталуына тілек білдіріп, совхоз ұжымын елімізде коммунистік қоғам орнату жөнінде құрылыс ісіне лайықты үлес қосқанына сенім білдірген.

 

 

Экскурсия жүргізушісі Бабашова Рая Мұртазақызы.

Просмотров: 658 | Добавил: aika | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Код *:
Күнтізбе
«  Ақпан 2015  »
ДүСеСәБеЖұСеЖе
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Статистика

Онлайн болып отырғандар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0